Меңдіқара ауданында бірқатар ілкімді істер қолға алынып, оң нәтиже беріп жатыр. Ауыл шаруашылығы саласында сүт тауарлы фермалар іске қосылып, өнім өндіру көлемі артып келеді. Сонымен қатар, ауылға жас мамандар тарту жұмыстары да жүйелі жүргізілуде. Өңірдегі бірқатар зауыттың да жұмысы жанданып, жаңа серпін алған. Облыс әкімі ауданға арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Меңдіқараның өркендеу жолындағы нақты жоспарлар мен бастамалар жайлы тілші тарқатады.