Қостанайда дене шынықтыру және спорт саласы бойынша оқушылар арасындағы республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы өтті. Оған еліміздің 8 облысынан 10-ға жуық қатысушы келді. Олар өз өңірлерінде үздік атанып, алғаш рет ұйымдастырылған республикалық кезеңге жолдама алған. Тың идеялар мен жаңа жобалар ұсынылған бұл байқау дене шынықтыру саласындағы зерттеу қызметін дамыту көздейді.