Бүгінде елімізде ерекше қажеттіліктері бар жандарға қолайлы жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Инклюзивті қоғам - әр адамға тең мүмкіндік беретін әділетті орта. Мұнда барлық жан білім алуға еңбек етуге және өзін еркін сезінуге құқылы. Негізінде Қазақстанда қоғамға пайдасын тигізіп жүрген жандар көп. Солардың бір Қостанай қаласында тұрады. Бүгінде өзінің қабілетін жанашырлықпен ұштастырған шебер мүгедектер арбасын жөндеумен айналысады.