Биыл өңірде 58 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 200-ден астам адам тұрақты жұмысқа орналасты. Жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік қызметтерге қолжетімділік кеңейіп келеді. Біртіндеп кедергісіз орта қалыптасуда. Мемлекет қолдау көрсетуді жалғастырып, ерекше жандардың қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік көбейіп келеді.