Қазақ халқының таным-түсінігінде қарияларға көрсетілер құрмет қанашда ерек! Өшпес өсиетін орындап, өмірлік өнегесін теру – бұлжымайтын қағида. Сөзіне құлақ асу да - дәуірлер бойы қалыптасқан дала дәстүрі. Осы ретте ойға от ауызды, орақ тілді би-шешендер оралады. Бір ауыз сөзге тоқтай білген бабалар жөн-жоралғысы бүгінде жаңғырып, жалғасып келеді. Өңі өзгергенмен, өзегі сақталған салтымыз – төрелік етіп, турасын айтып, тараптарды татуластыру міндетін енді ардагерлер арқалап келеді. Жаркөл жерінде жүзеге асқан игі жиын – сөзіміздің дәлелі. «Дәнекер» жобасы шеңберіндегі «Билер алқасы» жұмысына зер салыңыз.