Осы жылдың қаңтар мен қыркүйек айы аралығында Қостанай қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына 400-ден астам өтініш пен шағым түскен. Оның 231-і жеке азаматтардың атынан жолданса, 253-ін заңды тұлғалар жіберген. Осыған байланысты мамандар бірқатар тексеріс жұмыстарын жүргізген. Шаһардың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы қалалық әкімдікте талқыланды.