Қостанайда жыл сайынғы емханаға тіркелу науқаны басталды. Тіркелу — электрондық үкімет порталы арқылы, немесе тікелей емханаға барып жүзеге асырылады. Сондай-ақ, мобильді қосымшалар арқылы тіркелу мүмкіндігі де қарастырылған. Қала бойынша 4 мемлекеттік, 4 жеке меншік ұйым бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсетеді. Бұл — алғашқы медициналық көмекті уақытылы, сапалы әрі ыңғайлы түрде алу үшін жасалып отырған мүмкіндік.