Әулиекөл ауданы Құшмұрын кентінде жаңа «Келешек» мектебі ашылды. 300 орынға шақталған заманауи білім ордасы соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған қосымша үйірмелер де бар. Мектептің ашылу салтанатына облыс әкімімен қатар, біздің түсірілім тобы да қатысты.