Жаңа дәуірдің сын-қатерлері аз емес. Соның бірі – интернет алаяқтық. Көпті толғандырған өзекті мәселемен күрес екпінді. Алайда, нәтиже әзірге шамалы. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті алаяқтықты еңсеру үшін түрлі тәсілдерді қолдануда. Әсіресе, қалай дропперге айналғанын білмей қалатын жасөспірімдерге осыны түсіндіру маңызды. Сондықтан, кезекті шара ұйымдастырып, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнайы тренинг өткізді.