Мамыр – Қазақстан халқы үшін ерекше мәні бар, жарқын мерекелерге толы ай. Бұл айда бейбітшілік пен бірлікті, еңбек пен Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптейтін атаулы күндер тойланады. Елімізде мамырда үш маңызды мемлекеттік мейрам атап өтіледі. Олар: 1- мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7- мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9- мамыр – Жеңіс күні. Думанды даталарда қостанайлықтарға қандай сый ұсынылмақ?