Қостанай облысында жыл басынан бері 62,5 мың гектар алқап мемлекетке қайтарылған. Бұған жерді жалға алғандардың оны тиісті мақсатына пайдаланбауы себеп.

Мамандардың айтуынша, кәдеге жаратпаған телімдердің дені жайылым мен шабындық. Жалпы Өңірде ауылшаруашылық мақсатына пайдаланылатын жердің көлемі 11 млн гектарға жуықтайды. Биыл соның бос жатқан 120 мың га аумағын мемлекетке қайтару жоспарланып отыр.