ҚР сауда және интеграция министрі Тобыл өңіріне жұмыс сапарымен келді. Осы ретте ол облыс орталығындағы кәсіпорындарды аралап, аймақтың өндірістік әлеуетін жоғары бағалады. Өңірде көлік құрастыру саласына құйылған инвестиция көлемінің ұлғайғанына көз жеткізіп, бүгінде толық қуатта жұмыс істеп тұрған зауыттардың тыныс-тіршілігін бағамдады.