Алматы облысында қазақтан шыққан тұңғыш тракторшы-механизатор әйел Кәмшат Дөненбаеваны еске алу іс-шарасы ұйымдастырылып, өңірдегі "Анаға құрмет" музейіне портреті қойылды, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қолға алынған игі іс арқылы еңбекқорлық пен кәсібиліктің үлгісін көрсету мақсат етілген. Іс-шарада Социалистік еңбек ерінің көзін көрген замандастары, ұрпақтары және облыстағы сала қызметкерлері қатысты. Айта кетейік, Қостанай облысының тумасы Кәмшат Дөненбаева ауыл шаруашылығын дамытуға зор үлес қосқан.