«Тылсым сырлы табиғат». Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде осындай атаумен көрме ашылды. Сөреге Леонид Русин атындағы өнер мектебінің дарынды оқушыларының қолынан шыққан 80-нен астам туынды қойылды. Жас қылқалам шеберлері туған жер табиғатын аялауды, оны қастерлеп, сақтай білуді насихаттайды.