Мемлекет басшысы өз Жолдауында жұмыссыздықпен күреске басым бағыт береді. Осы ретте Қостанай облысында «Мансап» орталығының үйлесімді жұмысы нәтиже беріп жатыр. 2024 жылы жұмыспен қамту шаралары аясында 13 мыңға жуық адам қызметке кірісті. Олардың алты мыңы тұрақты және уақытша жұмыс орындарынан екі қолға бір күрек тапты. Бұл тек сан емес, мыңдаған адамның жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуі. Қалалық әкімдікте өткен жиынында осы көрсеткіштер ерекше атап өтіліп, мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне назар аударылды.