Он жылдығын ойлаған ағаш егеді, жүз жылдығын ойлаған ұрпақ тәрбиелейді. Бұл қанатты сөздің мағынасы ешқашан ескірмейді. Осынау түсінікті ту еткен Сарыкөл ауданындағы балабақшалардың жұмысы уақыт талабына сай жаңғырып отырады. Қуантатыны, Сарыкөлдегі «Солнышко» бөбекжайы тағы бір қазақ тобымен толықты.