Еліміздегі несиелік жағдайға жасаған талдау қазақстандықтардың кредитті көп алатынын көрсеткен. Осы күнге дейін халықтың ипотекалық несиені есептемегенде, тұтынушылық кредиттерінің көлемі 12,9 трлн теңгені немесе еліміздің банк секторының жалпы несие портфелінің 38 пайызын құрап отыр. Сонымен қатар, аталған сомаға кепілмен және кепілсіз несиелер де кіреді. Салыстырмалы түрде кепілсіз тұтынушылық несиелердің үлесі аз.