Жыл басынан бері Қостанайда бір мыңнан астам граффити жойылды. Бұл туралы қалалық прокуратура мәлімдеді. Есірткіге қарсы өткен кезекті акцияға 25 шақты колледж сутденттері атсалысты. Құқық қорғау органдары жасырын жарнаманы көрген жағдайда дереу, «102» операторына хабарласуға кеңес береді.