Қазақ өнерінің қара шаңырағы Қостанайда. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ұжымы гастрольдік сапармен Тобыл топырағына табан тіреді. Танымал әртістер бір апта бойы ең мықты туындыларды көрермен назарына ұсынбақ.