5-ші қазан мұғалімдер күні қарсаңында қостанайлық оқушылар ұстаздарына бір күндік демалыс сыйлады. Барлық мектептерде дублер күнін ұйымдастырып, өздері мұғалімнің рөлін атқарды. Сырбай Мәуленов атындағы гимназияда өткен осындай шараның біріне тілшіміз куә боп қайтты.