Болашағына сенім артып, зор үмітпен қарайтын кез келген мемлекет жеткіншек ұрпағының сапалы білім алып, тәлім-тәрбиесі мол азамат болып өсуіне айрықша назар аударады. Бұл үдерістен қалыс қалмаған Қазақстан да тәуелсіздік жылдары ішінде білім беру саласында бірқатар реформаны жүзеге асырғаны белгілі. Осыған орай аталған реформалардың арқасында отандық мектепке дейінгі, орта білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер болды. Бұл туралы Қостанай ауданының білім саласындағы білікті мамандарына құрмет көрсетілген салтанатты жиында айтылды.