Жаңа 10 мың теңге айналымға енеді. Ұлттық банк ұсынған Сақ стиліндегі банкнот қолданысқа берілді. Ескі үлгідегі барлық банкнота үш жылдың ішінде айналымнан біртіндеп алынады. Ақшаны екінші деңгейлі банктер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде айырбастауға мүмкіндік бар.