Ішкі нарықты толық қамтитын өнімге қол жеткізу үшін егістікті әртараптандыруға әлде де көбірек көңіл бөлу керек. Қостанай облысындағы орақ науқанының барысымен танысқан Ауыл шаруашылығы министрі осылай деп мәлім етті. Айдарбек Сапаров күзгі жиын-терім жұмыстарын қолдау тетіктеріне тоқталды. Алқаптарды аралап, диқандармен кездесті.