Балалар денсаулығы – ел дамуының маңызды басымдықтарының бірі. Бұл туралы Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтқан болатын. Соған орай облыста жаңа оқу жылында мектеп медицинасы жұмысын бастады. Барлық жабдықтар заман талабына сай. Оқушыларға тегін медициналық қызмет көрсетіледі.