Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында адал, әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек екенін қадап айтты. Және 2025-ші жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Бұл ретте, кеншілердің жұмысын ерекше атап өткен жөн. «Варваринское» Акционерлік қоғамында еңбек адамдары ерекше әспеттеледі. Кәсіби мерекелерін атап өткен ұжымда дәстүрге айналған «Мамандығы бойынша үздік» байқауы кезекті рет ұйымдастырылды.