Қаламызда көше жолдарын жөндеу жұмыстарына биыл төрт млрд теңге қаражат бөлінген. Тиісті міндеттер жаз келе басталып, әлі де жалғасуда. Қазіргі таңда 32 көше жолы дұрысталған. Мердігерлердің айтуынша қолға алынған жұмыстар қазан айына дейін толық аяқталмақ.