1 қыркүйекке дейін өңірдегі барлық әлеуметтік маңызы бар нысандар жылыту маусымына дайын болуы тиіс. Құмар Ақсақалов облыстық әкімдікте өткен жиын барысында жауапты салаларға осындай тапсырма берді. Мамандардың сөзінше, қазіргі таңда жұмыс күшейтілді. Жылыту маусымына дайындық жоспарға сай жүріп жатыр.