Қостанайдағы ветеринарлық клиникалар медицинадағы соңғы технологиялық жетістіктерді өз тәжірибесіне енгізуде. «Догма» ветеринарлық орталығы өңірде алғашқылардың бірі болып техникалық жаңғырту бағытын ұстанды. «Даму» қоры мен екінші деңгейлі банктің қолдауымен емханаға заманауи ультрадыбыстық диагностикалық қондырғы сатып алынған.