Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылардың үлесін арттыру аясында спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Облыста жоба аясында спортпен айналысатын балалар саны артқан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етілді.