Алдағы күндері ауа-райының күрт жылуына байланысты барлық өңірде су тасқыны болуы мүмкін. Сондықтан да әрбір аудан, қала кез-келген жағдайға дайын болуы керек. Төтенше жағдайлар департаменті дәл осындай хабарлама таратты. Қостанайда да тілсіз жаудың алдын алу шаралары пысықталып жатыр. Жауаптылардың сөзінше, су бұру желілері ретке келтіріліп, алдағы уақытта жаңа арықтар салына бастайды.