Мемлекеттік тұрғыда мейлінше мән берілген Наурыз мейрамын қамыстылықтар да жоғары деңгейде думандатты. Аудан орталығында өзге өлкелердегідей киіз үйлер тігіліп, ұлттық құндылықтар насихатталып, салт-дәстүріміз дәріптелді. Алайда, жергілікті жұрт бұл тойды биыл басқа қырынан танытуға тырысып бақты.