«Жастар қуаты – табысты келешекке 7 қадам». Қостанайда осындай атаумен  жаңа бағытта жастар форумы өтті. Ерекше форматта ұйымдастырылған жиынның басты тақырыбы – өңірдегі шығармашылық индустрияны дамыту. Іс-шара жастар ресурстық орталығының бастамасымен жүзеге асты.