Қостанайда KIA автомобильдері өндірісінің толық циклін қамтитын жаңа зауыттың құрылысы басталды. Бұл еліміздегі ең ірі инвестициялық жобалардың бірі. Компания мұндай жобаны алғаш  рет өз елінен тыс жерде қаржыландырып отыр. Жобаның ресми басталу рәсіміне ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары мен Оңтүстік Корея өкілдері қатысты.