Қостанай облысында көктемгі дала жұмыстары қарқын ала түсті. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, бүгінге дейін 2 миллион 660 мың гектар алқапқа дән сіңірілді. Бұл көрсеткіш жалпы егіс көлемінің 53 проценін  құрайды. Жанар-жағармай, техника жеткілікті. Биыл астықты алқапта майлы дақылдарға басымдық беріліп отыр.