Өңірде «Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауының аймақтық кезеңі өтіп жатыр. Мемлекеттік қызметтің беделін, ашықтығын арттыруға бағытталған конкурстың нәтижесі бойынша үздік атанған маман республикалық кезеңде  облыс намысын қорғайтын болады. Өңірлік комиссия отырысы оффлайн және онлайн форматта ұйымдастырылған. Оның құрамына қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері кірді.