Сайлауды жоғары деңгейде өткізіп, ертеңгі күндеріне сенімді ауыл тұрғындары наурызды сән-салтанатымен дүбірлетіп тойлатып жатыр. Елдің еңсесін көтерген рефоромаларды жалғастыруға барлығымыз жұмыламыз. Ерекше көңіл-күйде Ұлы мерекені ұлықтаған ұзынкөлдікер осылай дейді. Мейрамның ауданда жоғары деңгейде аталып өткеніне біз де куә болдық.