Ұзынкөл ауданында ірі қара мал арасында бруцеллез ауруы тіркелді. Инфекция ЖШС-нің бірінде жоспарлы зерттеулер жүргізу кезінде анықталды. Жалпы, өңірде эпизоотиялық жағдай тұрақты. Бруцеллез жұқтыру деңгейінің жыл сайынғы төмендеу үрдісі байқалады, деп атап өтті сала мамандары.