Қала жолдарын қалыпқа келтіру және жарықтандыру. Шаһар басшысы Марат Жүндібаев инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысы жайында облыс әкіміне есеп берді. Жоспар бойынша, 65-ке жуық көшені жөндеу және жарықтандыру шараларына 5 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылып отыр.