Әйел – үйдің қазығы, мемлекеттің тірегі, отбасының шырағы. Олар бүгінде белсенді қоғамдық қызмет етіп, түрлі жобаларды іске асырып жатыр. 8 наурыз мерекесіне орай Қостанайда өткен салтанатты жиында облыс әкімі осылай деді. Мейрам қарсаңында көпбалалы аналар «Алтын және Күміс» алқа тағып, түрлі саланың үздік қыз-келіншектері марапатталды.