Қостанай облысындағы Ақкөл ауылының аумағында шипалы ыстық су 30 жыл бойы кәдеге аспай, далаға ағып жатыр. Бұл жер облыс орталығынан 700, аудан орталығы Торғайдан 80 шақырымдай қашық. Басында ешқандай инфрақұрылымы жоқ, мидай дала. Соған қарамастан жаз айларында келушілер толастамайды. Шалғайдағы шипалы судың басына әріптесіміз Дәуренбек Әбдібек барып қайтты.