IT-мектептің биылғы түлегі Илья Гримаков - робот жасаудың барлық кезеңдерінен өтіп, механика негіздерін, математикалық моделдеу элементтерін, датчик пен моторлармен қалай жұмыс жасайтынын меңгеріп, программалау дағдыларын меңгергенін мақтанышпен айтады. Бұндай тағылымдамалар - біздің тың идеяларға жан бітіруде зор мүмкіндік,- дейді «Озат» ІТ-мектебінің шәкірті.
«Озат» мектеп-лицейі - болашағынан үміт күттірер шәкірттерді білім нәрімен сусындатып келе жатқан облыс орталағындағы заманауи оқу ордаларының бірі. ІТ-технологиялар саласын игеру бағытына басымдық беріп, білім бәсекелерінде биіктен көріне білген оқушылар мұнда түрлі заманауи дағдыларды меңгеруде.
2018- жылы ашылған ІТ-мектепте түрлі деңгейлі тартыстарда топ жарып, үлкен жетістікке қол жеткізген өрендер көп. Олар облыстық және республикалық байқауларды есепке алмағанда, халықаралық жарыстарда ел намасын қорғап жүр. Сондықтан, білім сапасын арттыруда бірнеше жобаларды қолға аламыз - дейді шәкірттерін мақтан тұтқан мектеп мұғалімдері.