Елдегі  төтенше жағдай режиміне  байланысты 16 наурыз күні  шет ел  азаматтарына Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынды.   Емделуге баратындарды қоспағанда  Қазақстан азаматтарына де шетел асуға  шектеу қойылды.   Ал өңірімізді айтар болсақ,  Қостанайдан  21 наурыз күні «Аэрофлот» әуе компаниясымен Мәскеуге соңғы рейс қатынады. 

Қауіпті індетке қатысты сақтық шаралары шеңберінде  Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәджікістан,  Монғолия және Ресей облыстарымен қатынайтын  автобус рейстері де уақытша тоқтатылды. Ал  облысымызда ішкі бағыттарға егқандай шектеу қойылған жоқ.  Жолаушылар тасымалдайтын көліктер  белгіленген кестеге сай жұмыс істей бермек. 

Елімізде 49 халықаралық тұрақты рейс тоқтатылды. Бұл Қытай,  Иран, Франция, Германия, Әзербайдан елдері.  84 халықаралық рейс қысқартылды.   Алыс жолға шығуды жоспарлаған азаматтарға еш дүрлігудің қажеті жоқ. Елде төтенше жағдай режимі алынған кезде  жолаушылар тасымалы жанданады.  Сондықтан жауапты мекеме өкілдері тұрғындарға  бұған түсіністікпен қарауды сұрайды.