«Коконың құпиясы» - қазақ тіліне аударылған 23-ші мульфильм және осы жылдың соңғы жобасы. Сюжет өте тартымды. Мигельдің шытырманға толы өмірі және оның жан досы Данте атты иттің әрекеттері балаларды ғана емес, ересектерді де бірден баурап алды. Негізгі идея – отбасылық құндылықтарды бағалау, жанұя бақытын ұқтыру.
Анимациялық фильм музыкалық қойылымдармен үндескен. Адам болмысы шынайы жеткізіледі. Болып жатқан оқиғаны кішкентай көрермендердің бар болмысымен сезінгендері байқалады.
Барлығы дубляжға 35- тен астам актер қатысқан. Бас кейіпкер Мигельге өз даусын сыйлаған - Ақарыс Әшімхан. Бұрын «Джунгли кітабы» картинасында Мауглиді дыбыстаған. «Коконың құпиясы» - махаббатқа, сұлулық пен мейрімге толы, керемет отбасылық мультфильм. Анимациялық фильмге тәнті болған көрермен осылай деп тарқасты.