Өңір экономикасының өсімі
Мемлекет басшысы «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабында Қостанай облысының экономикалық даму қарқынына оң баға беріп, алдағы уақытта бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізетініне сенім білдірген. Президент елдің жалпы ішкі өнімінің жылдық өсімін 6 пайызға жеткізу міндетін қойған болатын.
Бүгінде бұл мақсат Қостанай облысында кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Өңір экономикасының қай саласы жоғары көрсеткішке қол жеткізді? Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен отырыста айтылды.