Негізгі Жаңалықтар Бес ел бақ сынасқан бәйге

Бес ел бақ сынасқан бәйге

Бір бәйге, жүз шақырым жол, бес елдің үздік шабандоздары! Тобыл төсінде тұлпарлар тұяғының төзімі мен шабандоздардың шеберлігі сынға түсті. Allur зауыты демеушілік жасаған халықаралық турнирде кімнің бағы жанды? Шетелдік қонақтарды қазақ жылқысы несімен таңғалдырды? 

Күмбірлеген күймен облыс қонақтарын күтіп алған Аллюр CUP 2026 халықаралық турнирі жоғары деңгейде өтті. Отандық жылқы шаруашылығын дамытуға, жергілікті арғымақ тұқымдарын сақтауға ден қойған ұйымдастырушылар халықаралық спорттық байланысты да нығайтуда. 

Қазақстандық шабандоздармен қатар шетелдік спортшылардың қатысуы жарыстың халықаралық маңызын арттырып, елімізде ат спортының дамуына жаңа серпін береді. Сондықтан ат жарысына елімізден бөлек тағы 4 мемлекеттен 36 спортшы келді. Соның бірі мажарстандық шабандоз Орхидея Михок. 

Маңғаз маңғыстаудан келген сәйгүліктің шабандозы Қасиет Арыстанбай Құлсарыдан. 22 жасар спортшы 100 шақырым қашықтықта 8-ші рет шапқан. Осы жолы бірінші рет жеңіске жетіп, темір тұлпар тізгіндеді. Алайда оның - мақсаты басқа. 

Бәйге соңында Бірікке Араб әмірлігінен арнайы келген, халықаралық ат спорты орталығының атқарушы директоры Лара Савая үздік 7 қатысушыға ақшалай сыйлық табыстады. Еліміз әлемге ат спортының заманауи әрі бәсекеге қабілетті мектебімен кең танылуға тиіс. Аллюр CUP жарысы осы мақсатқа жету жолындағы маңызды қадам болады деп сенім білдірді автомобиль зауытының атқарушы директоры Арғұлан Майқонов.


Бөлісу