Өңір экономикасы: өндіріс пен инвестиция
Мемлекет басшысы «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабында Тобыл өңірінің экономикасы жақсы дамып келе жатқанын жазған. Болашақта бұдан да жақсы болатынына сенім білдірген. Осы ретте Президент жалпы ішкі өнімнің жылдық өсімін 6 пайызға дейін жеткізуді тапсырған еді. Межелі міндет облыста ойдағыдай жүзеге асырылуда. Қай бағыттың көрсеткіші жоғары? Облыстық әкімдікте өткен отырыста айтылды.
Республикамыздың солтүстік батысында орналасқан Тобыл өңірі бұған дейін елге астықты өлке ретінде танылған. Алайда, соңғы уақытта өңірде өңдеу өнеркәсібі де серпін алған. Оған жеңіл автокөліктер, ауылшаруашылығы техникалары өндірісінің артуы үлкен септігін тигізген.
Қазір елімізде «Жайлау» бағдарламасы жүзеге асып жатыр. Оған қатысуға облыс бойынша 6 ауданынан 8 ғана өтініш түскен. Тағы Алтынсарин, Амангелді, Денисов, Жітіқара, Ұзынкөл, Қамысты, Науырзым аудандарының кәсіпкерлері 5 150 бас ірі қара мал сатып алуға келісім шартқа отырған. Тағы 7 шаруашылық өкілі 2500 асыл тұқымды малды таңдау үшін Австралияға бармақшы. Облыс әкімі осы ретте аты аталмаған аудандардың басшыларын сынға алды.