Негізгі Жаңалықтар Медициналық қызмет: сұраныс пен мүмкіндік

Медициналық қызмет: сұраныс пен мүмкіндік

Қостанай қалалық ауруханасына биыл 17 маман жұмысқа орналасқан. Сол дәрігерлер осы 9 айдың ішінде 21 мыңға шуық науқасқа жедел көмек көрсеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда медициналық көмектің көлемі артқанын көрсетеді. 

Әл Фараби даңғылында орналасқан ғимарат 1959 жылы бой көтерген. Кейін қатарына тағы бірнеше нысан қосылып, мүмкіндіктер көбейген. Аумағы 12,5 мың шаршы метрлік аурухана ашылған сәтте 88 мың тұрғынға көмек көрсеткен. Содан бері келушілер саны 3,1 пайызға өсіпті. Жылына 24 мың адамға желе медициналық көмек көрсетеді. 

Қазір ауруханада қан тамырлары аурулары бар науқастарға заманауи ангиографиялық аппарат көмегімен ем көрсетіледі. Ал, биыл ортопедиялық көмекке сұраныстың артуына байланысты травматология бөлімшесіндегі 10 төсек-орын ортопедия бағытына ауыстырылды. Бұл жамбас және тізе буындарын ауыстыру оталарын жасауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар Қостанай облысында алғаш рет жамбас сүйектерін қалпына келтіру операциясы жасала бастады.

Бір жыл бұрын аурухана бір нысанды жалға алып, гемодиализ орталығы ретінде пайдаланған ғимаратты өз жұмысына қолдана бастаған. Қазір ол жер кеңестік-диагностикалық бөлімше ретінде жұмыс істейді. Бөлімшеде қан тамырлары хирургі, нейрохирург, травматолог, пульмонолог, кардиолог және нефролог сияқты бейінді мамандар қабылдау жүргізеді. 


Бөлісу