IT саласындағы әйелдер
Бұған дейін IT саласы көбіне ер адамдарға тән мамандық ретінде қабылданатын. Бүгінде ол түсінік өзгеріп келеді. Әйелдер цифрлық технологияларды меңгеріп қана қоймай, өз стартаптарын іске қосып, бизнесті дамытып, технологиялық жобаларға жетекшілік етіп жүр. Енді Қостанайда да бұл бағытқа қызығушылық танытқан қыз-келіншектерге мүмкіндік көбеймек. Халықаралық Women in Tech қауымдастығы өңірде өз жұмысын бастады.
Қостанай - Women in Tech Kazakhstan бастамасына қосылған елдегі жетінші өңір. Енді бұл қауымдастық аясында түрлі кездесулер мен білім беру іс-шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылмақ. Ұйым өкілдерінің айтуынша, мұндай мүмкіндіктердің өңірлерде де қолжетімді болуы маңызды.