Құрылтай сайлауы: учаскелер жұмысын бастады
23 тамыз. Қазақстанның саяси күнтізбесіндегі маңызды күндердің бірі. Бүгін ел азаматтары Құрылтай депутаттарын сайлау үшін дауыс беруде. Айта кетейік, сайлау учаскелері таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді. Дауыс беру рәсімі бірнеше минутқа ғана созылғанымен, оның нәтижесі бес жылға есептелген.
Таңғы 7-де облыстағы барлық сайлау учаскесіндегі қызметкерлер әнұран орындап, жұмысын бастады. Қала тұрғындары да шет қалмай, саяси рәсімге өз үлесін қосуда. Бірі таңдауын алдын ала белгілесе, енді бірі учаскеде соңғы шешімін қабылдап жатыр. Соның бірі – Тимур Айсин. Елдегі қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене араласатын қала тұрғыны бұл жолы да өз таңдауын жасады.