Жел күші – жасыл энергия
Энергетика саласында баламалы қуат көздеріне сұраныс артып келеді. Күн мен желден энергия өндіру - қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды азайтып қана қоймай, елдің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтуге де мүмкіндік береді. Облыста бұл бағыт соңғы жылдары қарқын алып келеді. Сондай ірі жобалардың бірі – «Ыбырай» жел электр станциясы.
«Ыбырай» жел электр станциясы - жаңартылатын энергия көздерін дамыту бағытындағы маңызды нысандардың бірі. Станция тәулік бойы жұмыс істейді. Жел күшейген кезде станция тәулігіне 1 млн 100 мың киловатт-сағатқа дейін электр энергиясын өндіреді. Ал бір жылда бұл көрсеткіш шамамен 190 миллион киловатт. Яғни, желдің күшіне қарай станцияның өндіріс көлемі де өзгеріп отырады.